ҒАЛАМТОРДА «MUSLIM.KZ» АРНАСЫ

Қадірменді Алаш баласы күні кеше ғана Астана күнінде Елбасымыздың қатысуымен Елордамызда есігін айқара ашқан құтхана — «Әзірет Сұлтан» мешітінің діни ақпараттар мен сараптамалық дүниелерді  қазақ және орыс тілдерінде тарататын «Muslim.kz» сайты жұмыс істей бастады. Ғаламтордағы бұл жаңа арна діни публицитикалық материалдарды жариялаумен бірге имандылық иірімдеріне қатысты жанды уағыз-насихаттардың аудио және видео нұсқаларын таратумен ерекшеленбек. Сондай-ақ, діни танымды арттыру мақсатында дәстүрлі ислам пәндерінен дәріс беруді де қолға алмақшы. «Muslim.kz» сайтының рухани жетекшісі осы шаққа дейін халықтың көзайымына айналып келген «Muftiyat.kz»  және «Meshet.kz» порталдарының ашылуына мұрындық болған белгілі ғалым Қайрат Жолдыбайұлы бауырымыз.  Ендеше, жаңа сайттың ақпарат кеңістігінде айы оңынан туып, қалың бұқараның көңіл пернесін дөп басатын, жүрек тебірентер руханият арнасына айналуына тілектеспіз!

muftyat.kz

One Response to ҒАЛАМТОРДА «MUSLIM.KZ» АРНАСЫ

  1. Осы кобiсi айтып жатады,адам кайтыс болгасын,онын жаны жана туылган сабиге берлет диди,сол распа?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

Мақалалар

Ислам және әйел

Ғибратнама

Серіктес сайттар

* * * * *